Атырауда оқушы суға батып кетті

210705121039725a3808867i Қоғам

Атырау қаласында шомылып жүрген 2006 жылы дүниеге келген оқушы суға батып кетті.

Оқиға 18 шілде күні 20 сағат 15 минут шамасында, «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағындағы жағажайда, арнайы белгіленген аумақта орын алған.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары хабар түскен бойда су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен.

«Құтқарушылар 20 сағат 31 минутта суға батып кеткен баланың мүрдесін жағаға шығарып, Полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырды», делінген тартылған ақпаратта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз