Қырғыз қызын секс құлдыққа сатқан келіншек аяусыз соққыға жығылды (видео)

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қырғыз қыздарын Түркияға апарып, секс құлдыққа сатқан келіншекті аяусыз азаптаған видео пайда болды. Бұл дерек әлі ресми түрде расталмаса да, желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

pogudx3e79lc8jgs4.459483d0

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Түркияның Анталья қаласында секс құлдықта болып, кейін аяусыз азапталған 1996 жылғы қырғыз қызы туралы мәлімет тараған болатын. Ауыр соққыға жығылған бойжеткен бас сүйегі жарылып, сал ауруына шалдықты. Түрік дәрігерлері қыздың өмірін сақтау үшін үш рет ота жасаған.

Содан соң, Түркияда 93 қызды секс құлдыққа салды деген айыппен тағы бір қырғыз келіншегінің соққыға жығылған сәті тарап кетті. Оны соққыға жыққандар кезінде секс құлдыққа салынған қыздар болуы мүмкін.

Измирдегі елшілік өкілдеріне жеткізілген жеңгетай келіншектің өзімен бірге құжаттары болмаған. Алдын ала дерек бойынша, құжатты келіншекті соққыға жыққандар өртеп жіберуі мүмкін.

Ауыр азапталған қырғызстандық азаматшаны полицейлер Измирдегі пәтерлердің бірінен тапқан.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

https://youtu.be/UcgAwuv9qfc

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз