Атырауда жүк көлігімен басқа көлікті соққан наркоман ұсталды

img 20220223 wa0117 Жаңалықтар

Полицейлер есірткілік мас күйде жүк көлігімен өзге көлікке соқтығыс жасап оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушіні анықтады.

22 ақпан күні сағат 22:50 шамасында 1965 жылы туылған азамат маркасы DAF XF 105 жүк көлігін Атырау-Индер тас жолы бойымен басқара отырып Бесікті ауылының тұсында жолдың қарама-қарсы жағына шығып, өз жолымен келе жатқан 1984 жылы туылған азаматтың басқаруындағы маркасы Mitsubishi Pajero автокөлігіне соқтығысып, жүк көлігін оқиға орнына тастап кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісін анықтап, наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде аталған азаматтың апиындарды тұтынудың әсерінен болған есірткілік мас күйде екендігі белгілі болды.
Орын алған факті бойынша 1965 ж.т. азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) және 611-бабының 2 бөлігімен (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз