Жарнама
Құқық

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Департаменттің өкілдері ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің, ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменттерінің, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігінің 26 басқармасы мен облыстық әкім аппаратының лауазымды тұлғалары мен қызметшілерімен семинар мен құқықтық оқытулар өткізілді.
Сонымен қатар, Жылыой, Құрманғазы, Ревизиялық тексеру комиссиясы мен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілеріне қашықтықтан байланыс орнату арқылы жиын өткізіліп, түсіндірмелер берілді.
Аталған іс-шаралар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама туралы, ондағы толықтырулар мен өзгерістер, қызметшілердің заңнамамен кепілдік берілген құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері және өзге де мәселелер түсіндірілді.
Сонымен қатар, пікір-алмасулар болып, қызметшілердің тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама аясында жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстары жинақталды.

Департаменттің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button