Велосипедшілерді тәртіпке шақырды!

img 20220711 wa0013 Құқық

Атырау қаласындағы Жайық жағалауында велосипедшілердің жаяу жүргіншілерді қағуы жиілеген.

Бұл ретте, тұрғындар тарапынан шағым көбейген. Осыған орай, Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция құрамынан жаяу патрульдеу бекеттері ұйымдастырылып, тыйым салынған уақытта (сағат 19:00-23:00 аралығында) велосипедпен жүрген қала тұрғындары мен қонақтарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 4-10  шілде аралығында онға жуық құқықбұзушының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына сәйкес (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз