АТЫРАУДА КӨЛІКТЕРДІ АЛЫП КЕТІП ЖАТЫР…

screenshot 20220602 134737 Құқық

Мамыр айында қала аумағында төленбеген айыппұлдары бар 130-дан астам автокөлік иесі анықталды.

«Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» камерасына түскен», — деп мәлімеді облыстық полиция департаменті.

28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Құрманғазы көшесінің бойынан патрульдік полиция қызметкерлері Ресейде тіркеуде тұрған “Ваз-2110” маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 1969 жылғы жүргізушісінің сомасы 324 мың 695 теңгені құрайтын төленбеген 21 айыппұлы бар екендігін анықтады. 53 жастағы жүргізушінің көлігі заңға сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды.

Жалпы жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізуші көлігі арнаулы тұраққа қойылды. Патрульдік полиция қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыатынын айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз