Атырауда шенеунік әйел қызметкеріне дөрекілік танытқан

icon БЕЙНЕЖАЗБА

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева қарамағындағы қызметкерден өзге қызметке ауысуды талап етіп, «осыған келіссең еңбек демалысына жіберемін» деген. Қызметкер шенеуніктің үстінен арыз жазып, дәлел ретінде аудиожазбалар мен скриншоттарды көрсетті деп хабарлайды Caspian News теларнасы.

«Хабиева қоластындағы қызметкерден басқа қызметке ауысуын дөрекі түрде талап еткен. Осылайша мемлекеттік қызметкерге тән емес іс-әрекет көрсетті», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі АОД басқармасының бас маманы Динара Китенбаева.

Бірақ, Нұрлы Қабиева талдау қорытындысымен келіспейді. Оның айтуынша, сектор меңгерушісі соңғы уақытта отбасылық жағдайына байланысты жиі сұрануды шығарған. «Оған түсіністік таныттым» деген бөлім басшысы сектор меңгерушісі 1 маусымда берілген тапсырманы, яғни отбасылық цифрлық картаны дайындау жұмыстарын 15 шілдеге дейін аяқтауды тапсырдым, содан кейін еңбек демалысына шыға беруге болатынын айттым дейді.

Қос тарапты тыңдаған кеңестің кейбір мүшелері әлеуметтік салаға жауапты басшының мұндай іс-әрекетінің мемлекеттік қызметшіге сын екенін айтты.

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/tv/ChTvJ0qIOnF/?igshid=YmMyMTA2M2Y%3D

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз