Арнайы операция кезінде алты адам ұсталды

04813774f15251ed Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Шымкентте ҰҚК департаменті ұлттық ұланның арнайы бөлімшесімен бірлесіп тұрақты түрде жергілікті кәсіпкерлерден ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесін ұстады.

Ұсталған қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды, бес бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз