Құқық
Исатайда куәліксіз жүргізушіге 184 600 теңге айыппұл салынды
Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігімен А.Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2024 жылдың желтоқсан айында А.Е. көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, «Атырау-Астрахан» тасжолында автокөлік басқарған. Сот баспасөз қызметінен білгеніміздей, ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігінің санкциясында 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауаптылық қарастырылған. Сот қаулысымен А.Е. кінәлі деп танылып, оған 184 600 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Сурет: freepik.com