АҚШ азаматшасы атыраулық полицейлерге алғыс айтты (+ВИДЕО)

photo 121418 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/4VXbe7kRY1Q

Аtr.kz/2 мамыр, 2019 жыл. Атыраулық полицейлер АҚШ азаматшасының таксиде қалдырып кеткен планшетін тауып берді.

28 сәуірде Атырауда АҚШ азаматшасы, Флорида штатының тұрғыны Линда Джейн Джейкбсон таксиде планшетін ұмытып қалдырып кеткен. Ол гаджетте америкалықтың жеке деректерінен бөлек, маңызды құжаттары сақталған. Ол Атырау қалалық полиция басқармасына көмек сұрап барған. Көшедегі бақылау камераларының көмегімен полицейлер шетел азаматшасының мінген таксиін тауып, планшетін қайтарып берді. Іздестіруге Жедел басқару орталығының операторларымен бірге, патрульдік қызмет пен жедел уәкілдер тартылған. АҚШ азаматшасы жариялаған видеороликті ол атыраулық полицейлердің жедел жұмысына қайран қалады.

«Полицейлер менің планшетімді қысқа уақыттың ішінде тауып берді. Олар өз міндеттерін кәсіби түрде атқарды. Мұнда полицейлердің барлығына әділдікпен қарап, бәріне бірдей қарым-қатынас жасайтыны қуантады. Мен бұл қаланы жақсы көремін және полицейлермен өзімді қауіпсіз сезінемін. Алғысым шексіз, олар «супермендер», – деді ол видеоүндеуде.

Атырау полиция департаменті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз