Атырауда ата-анасымен сөзге келіп, үйден қашып кеткен жасөспірімдер көбейді

20190607080622 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер түрлі себептермен хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне жеткізді.

2021 жылдың 1-5 қаңтар аралығында жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша, Атыраулық полицейлер демалыс күндері өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кеткен жеті жасөспірімді тауып, үйлеріне қайтарды.

2021 жылдың 1-5 қаңтар аралығында Атырау қалалық Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кеткені жөнінде жеті хабарлама түскен.

Мысалы, 4 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында 10 жастағы жасөспірім анасымен сөзге келіп, үйінен шығып кетіп,көршісінің үйінен табылды.

Ал, 4 қаңтар 23:00 шамасында  14 жастағы жасөспірім анасымен ренжісіп үйінен шығып, көпірге қарай бағыт алған.  Жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, отбасынп жеткізді. Аталған жеткіншектердің  ата-аналарына қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді.

Айта кетейік, көп жағдайда жасөспірімдер үйінің алдынан шығып кетіп,  өзінің аумағынан алшақтап кетіп адасып қалса, кейбірі ата-аналарымен сөзге келіп, тұрғылықты мекен-жайынан шығып кетеді.  Жеткіншектердің барлығы полиция қызметкерлерінің іздеуінің нәтижесінде 2-3 сағат аралығында табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз