Жарнама
Құқық

Интернеттегі қауіпсіздік – басты назарда

Атырау қаласындағы Atyrau Hub орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кибер тұмар» ақпараттық-білім беру науқаны аясында оқушыларға арналған киберқауіпсіздік сабағы өтті. Қазақстанның 20 қаласында ұйымдастырылған бұл іс-шараның басты мақсаты – балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру.

«Кибер тұмар» науқаны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, ЮНИСЕФ Қазақстан және Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Іс-шараға Атырау қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-интернат пен облыстық олимпиадалық резерв колледжінің оқушылары қатысты.

— Бүгінгі цифрлы заманда әрбір бала онлайн кеңістікте еркін әрі қауіпсіз болуға тиіс. Біз оқушыларға интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдерін, әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелер мен жалған аккаунттарды тану жолдарын түсіндірдік. Сонымен қатар жеке мәліметтерді қорғау, құпиясөзді дұрыс таңдау сынды қарапайым, бірақ маңызды ережелерге ерекше назар аудардық. Мұндай шаралар балалардың цифрлық сауаттылығын арттырып, оларды сандық әлемде саналы әрі қауіпсіз қолданушы болуға тәрбиелейді, — деді киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Әнуарбек Дауылбаев.

Облыстық білім беру басқармасы мен цифрландыру және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға оқушылар белсенді қатысып, сыйлықтармен марапатталды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button