АТЫРАУДА 22 ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫ ҰСТАЛДЫ

img 20220830 153825 Құқық

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік елден шығарылды.

Атырау облысы көлемінде 22-28 тамыз аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел шара кезінде облыс бойынша 373 шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 517 бабымен, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының аумағынан Өзбекстан елінің 22 азаматы тысқары шығарылды. Сонымен қатар, өкілетті органдардың рұқсатынсыз заңсыз шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланған ҚР-ның 19 азаматына ҚР-ның ӘҚБК-нің 519 бабымен, яғни шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту дерегі бойынша хаттама толтырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз