20180316200339

Мұз үстімен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды

Жаңалықтар Құқық

Өткен түні Жайық өзенінің Тұрғындар қалашығы тұсынан бастап орталық көпір маңына дейін мұз үстінде жүріп келген автокөліктің  жүргізушісі анықталып, ұсталды.

20180316200339

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Мұз үстінде ойнақтаған «Мерседес-Бенц» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісіне  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  590 бабы 2 бөлімі, яғни, мемлекеттік нөмірсіз автокөлік басқарғаны және 620 бабы 1 бөліміне сәйкес жол жүрісіне қатысты ережені бұзғаны үшін 2 хаттама толтырылды.

Айбөпе САБЫРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған