Есірткіні жасырын тығып сатумен айналысқан екі күдікті анықталды

36a11736 eac7 4ba9 8ca0 2da8f4a973ae Құқық

 30 қазан күні Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы сақтаған 2005 ж.т және 2006 ж.т күдіктілерді ұстады. 

Тексеру кезінде 2005 ж.т ер адамнан 1 дана ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар және 5 дана қара изолентаға оралған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затымен зип-пакеттер тәркіленген.

d1cb0832 7679 4ca2 9e76 316e0d47b563

Сараптама қорытындысымен алынған заттардың  2,84 грамм синтетикалық есірткі және 3,28 грамм марихуана есірткі екені анықталды. Сондай-ақ, олардың қала аумағында 23 жерге сату мақсатында жасырын тыққан есірткілері анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Қазіргі уақытта 2005 ж.т күдікті  ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынған. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз