Жарнама
Құқық

Есірткіге қарсы күрес: Жаңа заңның талаптары қандай?

Құрметті Атырау облысының
тұрғындары мен желі қолданушылары!

Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» заң 2025 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл заң есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылар мен таратушыларға, соның ішінде «есірткі курьерлеріне» қатысты қылмыстық жауапкершілікті нақтылай түседі. Енді алғаш рет заң бұзған есірткі таратушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстық кодекстің 297-бабына енгізілген өзгерістер:
• 1-бөлігі бойынша: Аз мөлшерде есірткі өткізгені үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 5 жылдан 8 жылға дейін (бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін болған).

  • 2-бөлігі бойынша: Ірі көлемде есірткі өткізгені үшін 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған).
  • 3-бөлігі бойынша: Аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған).
    Бұл өзгерістер қылмыстық жаза жүйесін әділ әрі тиімді етуге бағытталған. Мемлекет есірткі қылмысына алғаш рет барған және түзелу жолына түскен жастарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріп отыр. Бас бостандығынан айыру орындарында отырған көптеген жас азаматтар үшін бұл – қоғамға қайта бейімделуге және дұрыс жолға түсуге берілген мүмкіндік. Бұдан бөлек, осы санаттағы сотталған азаматтар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруға құқылы болады.
    Алайда, есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушыларға, есірткі өндірушілерге, сондай-ақ лауазымды тұлғаларға қатысты жазаны қатаңдататын Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы енгізілді. Бұл санаттағы адамдар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Сонымен қатар, күшті әсер ететін заттар мен есірткі өндіру, әзірлеу және қайта өңдеу кезінде қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуде. Бұған дейін мұндай жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасына ғана қолданылған болатын.
    Бұл өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымын бақылауды күшейтіп, қылмыстық жауапкершіліктің әділ жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
    Әлішер НҰРШАЕВ,
    Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button