Жарнама
Құқық

Атырауда жол ережесін елемеген жасөспірімнің анасы айыппұл арқалады

Мемлекеттік белгісі жоқ көлікті тізгіндеген жасөспірім анықталды.

8 мамыр күні сағат 14:40 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы бақылау кезінде Махамбет көшесі бойында қарсы бағытпен алдыңғы және артқы мемлекеттік белгілері жоқ Ваз 2114 автокөлігін байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция  қызметкерлеріне бағыттама берген.

Аталған автокөлік  Сарыөзек поселкесі тұсынан тоқтатылып тексеру кезінде, жүргізушісі 2005 жылы туылған кәмелет жасқа толмаған жасөспірім екендігі анықталды.

Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, 17 жастағы жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 5 бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет) және ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 2 бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама жасақталып, жасөспірім кәмелеттік жасқа толмауына байланысты анасына 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button