«Ашыңыз, …инспектор!»

apvraprara СарапTime

Алдағы уақытта учаскелік инспекторлардың құзыреті кеңейіп, мәртебесі көтеріледі. Тәртіп сақшыларына жауапкершілік те артылатыны сөзсіз. Дегенмен, учаскелік полиция инспекторларының қызметін жұрттың көбі біле бермейді. Осы орайда Атырау қаласы «Нұрсая» шағын ауданындағы No14 учаскелік полиция бекетіне барып, олардың күнделікті жұмысымен жақынырақ танысудың мүмкіндігі туды.

 Ахуал – бақылауда

Жаңа шағын ауданның зәулім үйлері алыстан көз тартады. Жұмыс уақыты болғасын ба, көшеде бейсауат жүрген адам көрінбейді.

Белгіленген уақытта жеткен бізді учаскенің жауапты инспекторы, по­лиция капитаны Рүстем Жұмабаев күтіп алды. Онымен әңгімеміз тәртіп сақшыларының қызметтік міндеттері турасында өрбіді. Бес жылдан бері аталған аумақтың қоғамдық тәртібіне жауапты тұлға тұрғындармен сенімді байланыс орнағанын айтады. №14 учаскелік полиция бекеті «Нұрсая», «Тұлпар», «Болашақ», «Жерұйық», «Жеті қазына» шағын аудандарының 50 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетеді. Ал, карантин басталғалы тәртіп сақшыларының қызметі күшейтілген режимге көшірілген.

– Аумақтағы ахуал – бекеттегі 5 инспектордың қырағы назарын­да. Шағын ауданды күнделікті аралайтындықтан тұрғындардың к ө п ш і л і г і н т а н и м ы з . К е л е ң с і з жағдайларға жол берілсе, оны түсіндіреміз. Осындай тығыз қарым- қатынастың әсері шығар, қай кезде де жергілікті халық алдымен бізге ха­барласады. Әр ауланың тыныштығы мен тұрғындардың арыз-шағымын қарастырып, ұрлық, қылмыс болған жерге алғашқылардың бірі болып ба­рамыз. Бейнежетонмен жүргендіктен біздің жұмысымыз жазбаға жазылып, бағаланады, – деп түсіндірді Рүстем Жұмабайұлы күнделікті қызмет ба­рысын.

Тәртіп сақшысының әңгімесін ой елегінен өткізіп, «Жай кезде анау дейміз, мынау дейміз, қиналып жан қысылса Құдай дейміз» де­ген Кенен ақынның өлең жолдары еске түсті. Расымен де басына іс түскен жан осы қызмет иелерінің көмегіне жүгінетіні ақиқат. Тіпті, коммуналдық қызметтің мәселесі ту­ындаса да инспекторды шақыратын тұрғындар бар. Күн-түн демей, ыстық пен суықта да ел тыныштығын күзетіп сапта жүретін жандар – поли­ция қызметкерлері. Біз оған осы жолы тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Жанжалдың жайы азаймай тұр

Міне, учаскенің инспекторы, аға лейтенант Махамбет Уапов отбасылық жанжал шығарған ер адамды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін алып барады. Ол мас күйінде үйіне келіп, әйелінің ар- намысына тиетін сөздер айтып, ма­залапты. Зайыбы бұдан бұрын да бірнеше рет арызданған екен. Енді күйеуін диспансерде мәжбүрлеп емдетуді талап етіп отыр.

Күнделікті арыз-шағымның дені отбасындағы жағдайға байланысты. «Нұрсая» шағын ауданының тағы бір тұрғыны жыл басынан бері «күйеуім отбасылық жанжал шығарып жатыр» деп 15 рет полиция шақыртыпты. Бұл азаматшаның 34 жастағы жолдасына қатысты әкімшілік хаттамалар тол­тырылып, жинақталған іс-құжаттар 5 рет сотқа жолданған. Үш жағдайда 4-5 тәуліктен әкімшілік қамаққа алынып, екі рет сотта азаматша жолдасына кешірім беріп, өзара татуласыпты. Қалған 10 хабарлама бойынша арыздарын қайтарып алған.

Сақшының міндеті қандай?

П о л и ц и я қ ы з м е т к е р л е р і н і ң ж ұ м ы с ы т а ң с ә р і д е н б а с т а л а ­д ы . А л д ы м е н с а п т ы қ т е к с е р у ­ден өткен соң, жергілікті поли­ция басқармасындағы лездемеге қатысады. Мұнда түнде орын алған қылмыстар, түрлі жағдайлар, аза­маттардан түскен арыз-шағымдар зерделеніп, басшылықтан тиісті тапсырмалар алады. Әрі қарай учаскелік қызметкер өзіне қарасты аумақты барлауға шығады. Бүгінгі күн тәртібінде көп қабатты 14- ү й т ұ р ғ ы н д а р ы м е н ж ұ м ы с жоспарланыпты. Бұл жолы ин­спекторлар Рүстем Жұмабаев және Ғибадат Сүлейменовпен бірге рейдке біз де шықтық.

– Халықтың арыз-шағымына б і р і н ш і б о л ы п у ч а с к е л і к и н ­с п е к т о р л а р а р а л а с а д ы . Б і з д і ң ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң қ о р ы т ы н д ы с ы бойынша полицияға баға беріледі. Сондықтан, қызметімізді абыроймен атқаруға тиіспіз. Ол үшін барлық жағдай жасалып жатыр,- дейді тәртіп сақшылары.

Тұрғындардың өзі «жатақхана» атап кеткен тоғыз қабатты үйдегі пәтерді аралап шықпақшы болдық. А л а й д а , ж ұ м ы с у а қ ы т ы н а т а п келгесін бе, әйтеуір есіктерін ашқан тұрғын аз. Тілшінің фотоаппара­тын көріп, қайта жауып алғандары да кездесті. «Егер пәтер иесімен сөйлесу мүмкін болмаса, демалыс күндері де келіп аралаймыз. Жұмыс барысында түрлі адамдармен жұмыс жасауға тура келеді. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым тұрғындардың тыныштығын қорғау үшін аянбай еңбек етеміз» деген Р.Жұмабаев аталған үйдің бірінші қабатындағы ПИК-мен тығыз жұмыс жасайтынын тілге тиек етті. Мұны «Шапих» ПИК- інің төрайымы Шарипа Ізтелеуова да растады.

– Осы үйдегі бүкіл жағдайдан хабардармыз. Қай пәтерде кімдер тұрып, кімдердің баспананы жалға беретінін білеміз. Біздің учаскелік полицейлер халықпен тіл табысып, жұмыстарын тиянақты атқарады. Қоғамдық тыныштық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал е т е т і н т ә р т і п с а қ ш ы л а р ы н ы ң еңбегіне құрметпен қараймыз, – деген төрайыммен бірге сыртқа шықтық.

Елге қорған – мақсаты

Көп қабатты үйде қанша пәтер болса, мұндағы тұрғындардың біріне бірі ұқсамайтын тағдырлары бар. Сондықтан, әр тұрғынның тілін та­батын полиция жұмысына жан-жақты қырынан тереңірек бойлағымыз келді. Осы мақсатпен аулада шүйіркелесіп тұрған адамдарға қарай аяңдап, «Сіз өз учаскелік инспекторыңызды та­нисыз ба?» деп сөзге тарттық. Өзін Гүлбаршын деп таныстырған егде­леу әйел «Әрине, білеміз. Өзімнің балаларымдай ғой. Шамам кел­г е н ш е к ө м е к т е с е м і н . П о л и ц и я қызметкерлерінің халықпен арадағы байланысы мен әкімшілік аумаққа жауаптылығы өте жоғары деңгейде. Қандай жағдайда да шақырсаң, тез жетеді. Менің пікірім, халық көп болғандықтан 4-5 инспекторға үлгеру қиын, олардың санын көбейту керек» деп шынайы ойын айтты.

 Нұрмұхаммед ата да әмбебап қ ы з м е т к е р л е р г е а қ б а т а с ы н беріп, қызметтерін оң бағалады. «Инспекторды екі рет шақыртуға мәжбүр болдым. Алғашқысында, немеремнің велосипеді жоғалып, бейнекамера арқылы тауып берді. Екіншісінде, подъезге қоқыстарын тастап кететін көршілерді тәртіпке үйреттік. Өз тарапымнан инспекторға к ө м е к т е с і п , а у л а н ы б а қ ы л а п , тәртіпсіздіктің болмауын қадағалап жүремін» деді ол көңілі толып.

И ә , қ о ғ а м ғ а ж а н ы а ш и ­тын, учаскелік инспекторларға көмектесуден қашпайтын осындай азаматтар көп болса, бұл да қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал ететіні белгілі.

Қазір учаскелік полиция ин­спекторлары әкімшілік аумақтағы тұрғындармен тікелей байланыс орнатқан. Ақпарат және жедел ха­барламалар алмасу үшін әлеуметтік желілерде топтар құрыпты. Мұнда бейнежазбалар, дауыстық хабарлама­лар алмасу арқылы азаматтар қысқа мерзімде өз әкімшілік учаскесінің ин­спекторларына жүгінуіне, шағымдар, ұсыныстар айтуына, барлық про­блемаларды жедел және бірлесіп шешуге мүмкіндіктері бар. Таяуда Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев азаматтармен қарым-қатынастың мұндай тәсілінің жақсы нәтижелер көрсеткенін айтқан еді. Демек, бұл да оңтайлы тәсіл деп білдік.

Ортақ жауапкершілік оңға бастайды

И н с п е к т о р л а р м е н б і р г е тұрғындардың пікірін тыңдап тұр едік. Кенет, аулада ойнап жүрген ба­лалар жүгіріп келіп, «Рүстем аға, ана жерде бірі кісі құлап қалды» деп шу­ласты. Байқасақ, олардың нұсқаған адамы «ащы суға» тойып алған бо­лып шықты. Сондықтан, жауапты инспектор Р.Жұмабаев аға лейтенант Нұрдәулет Мажитуллин мен лейте­нант Диар Шапиғоллаға әлгі адам­ды медициналық тексеруге апарып, жеке басын анықтау үшін бөлімшеге жеткізуді тапсырды.

– Алкогольді ішімдік ішкен адам­дар қоғамға өте қауіпті. Себебі, мас адам өз ісіне жауап бере алмайды. Біреуге ұрынады немесе қылмыс жа­сауы мүмкін. Қылмыскерді іздегеннен гөрі, қылмыстың алдын алған дұрыс, – деген Рүстем Жұмабайұлы әкімшілік аумақтағы жоспарлы жұмысын жалғастыруға ыңғайланды. Оның айтуынша, түнгі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін шартты түрде жаза тағайындалған, мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларды мекен-жай­лары бойынша тексереді. Сондай-ақ, жалға берілетін пәтерлерді анықтап, азаматтық қару иелерінің қару- жарақты сақтау талабының орында­луы да қадағаланады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрақты немесе уақытша тіркелген мекен-жайы бойынша тексеру де инспектордың міндетіне жатады. Ал, күнделікті профилактикалық шара­лар бойынша түсінік жұмыстары күн тәртібінен түскен емес.

Облыста тәртіп сақшыларының алаңсыз қызмет етуіне барлық жағдай жасалып жатыр. 2018 жылы жоспарланған 34 учаскелік полиция бекетінің 28-і іске қосылды. Құқық бұзушылыққа жедел әрекет ету, аумақтың тұрғындары үшін учаскелік и н с п е к т о р ы ү н е м і қ о л ж е т і м д і болу мақсатында салынған по­лиция бекеттерінің 22-сі тұрғын үймен біріктірілген. Бүгінде облыс аумағында 92 учаскелік полиция пункті бар, олардың 27-сі облыс орталығында орналасқан. Қосымша 6 бекет ашу жоспарланып отыр.

Облыс бойынша учаскелік по­лиция инспекторлары толықтай көлікпен және заманауи техникамен: портативті бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және план­шеттермен қамтамасыз етілген. Мемлекет тарапынан көрсетілген мұндай қолдау қызметкерлердің жұмысына серпін беретіні түсінікті.

Ө з і м і з к у ә б о л ғ а н т ә р т і п с а қ ш ы л а р ы н ы ң х а л ы қ и г і л і г і жолындағы жұмыстары көз қуантады. Ендеше, ел жолында атқарар игі істері жалғаса берсін демекпіз.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

  •  Мемлекеттің тұрақтылығын және қоғамның береке-бірлігін сақтау – басты міндет. Осындай сәтте полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне, отаншылдық рухына, қажыр-қайратына көп нәрсе байланысты. Мұны ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері жете түсінеді деп ойлаймын.
  • … Учаскелік инспектор – белгілі бір аумақтағы қылмысты болдырмауда, жергілікті халықтың мәселелерін шешуде, қылмыстың тікелей немесе жанама түрде алдын алуда, азаматтардың өмір сапасын арттыруда басты тұлға саналады. Халықпен ашық диалог жүргізу керек. Олардың жергілікті полициядан не күтетінін біліп, көмек керек кезінде қастарынан табы­луы қажет. Отандастарымыздың сеніміне басқаша ие болу мүмкін емес.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінен

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз