Жарнама
Құқық

Атырауда жасөспірімдер қауіпсіздігіне басымдық берілді

Бұл мақсатта облыстық білім беру басқармасының “Психологиялық қолдау орталығы”, облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты психикалық денсаулық орталығымен өзара меморандумға отырып, бірлескен іс-қимыл жоспарын жасақтады.

Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы құзіретті орталықтар суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, және суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша жұмыстар тізбегін жасақтап, жандандырды.

Атырау облыстық білім беру басқармасының “Психологиялық қолдау орталығы» басшысының уақытша міндетін атқарушы Шынар Төкенованың айтуынша, өңірде өткен жылдың 7 айымен, биылғы жылдың есепті кезеңін салыстырғанда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылыс фактілері 41,67% -ға азайған. Бірлескен іс-шараларымыз осы оң нәтижені сақтап қалу, суицидті бұдан да әрі азайтуға бағытталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button