Үй иелері ұйықтап жатқанда, алтын бұйымдарды алып, тайып тұрыпты

золото Жаңалықтар

М. есімді келіншек бұрын да ұрлық жасағаны үшін аудандық соттың үкімімен жазаға тартылып, ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты бостандыққа шыққан еді. Бірақ арада жарты жыл уақыт өтер-өтпестен бұрынғы «әніне» қайта басты…

золото

Сол күні кешкісін ол бір таныс әйелдің үйіне қонаққа келген екен. Түннің бір уағы болып, пәтер иесінің шырт ұйқыға кеткенін пайдаланған ол мысықтабандап төргі бөлмеге озған. Ондағы шкафтың ішіндегі партмонеден 248 мың теңге ақша мен алтын және күміс сақинаны ұрлаған. Сөйтіп, жәбірленушіге барлығы 230500 теңге көлемінде залал келтірген. Өйткені, ұрланған бұйымдардың алтыны 30 мың теңге тұрса, күмісі 10 мың теңгеге сатып алынған болатын.

«Ұрлық түбі – қорлық» дегендей, ол көп ұзамай құрықталды. Алдын ала тергеу амалдары кезінде қылмысы әшкереленді. Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, кінәсі толық дәлелденді. Сотта да айыпкер өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Істі қарау барысында оның алтын сақинасы мен 27 мың теңге ақшасын иесіне қайтарғаны белгілі болды. Сот айыпталушының өз айыбын толық мойындағанын және кішкентай балалары барын қаперге алды.

Аудандық соттың үкімімен оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Соған сәйкес,  тұрақты жұмысы немесе оқуда жоқ болған жағдайда 240 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Сонымен қатар жәбірленушінің талап арызы қанағаттандырылып, бір ай мерзім ішінде 230500 теңгені өндіріп алуға шешім қабылданды.

Жайнагүл Төкешова,

аудандық соттың бас маманы.

Ербол Бисекенұлы,

тілші.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз