Жарнама
Құқық

Атырауда кәсіпкерден 2 млн. теңге бопсалағандар ұсталды

Атырау қаласында жеке кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың бірі — 33 жастағы видеоблогер, екіншісі — 39 жастағы қала тұрғыны. Тергеу мәліметінше, күдіктілер кәсіпкерден 2 миллион теңге көлемінде ақша талап етіп, қорқыту арқылы алған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тінту шаралары барысында күдіктілердің бірі полиция қызметкеріне күш қолданған. Осыған байланысты оларға қатысты республика Қылмыстық кодексінің “Қорқытып алу” және “Билік өкіліне күш қолдану” баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button