Жарнама
Құқық

Атырауда есірткі өсірген күдікті ұсталды

Атырауда полицейлер есірткі өсіруге арналған фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы аясында есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде фитозертхана ретінде жабдықталған сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/atyrauda-politsejler-esirtki-osiruge-arnalghan-fitozerthanany-anyqtady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button