Ұялы байланыс ұстайтын жер іздеймін деп жоғалып кеткен

4f8d90ccb9c7a1d94b9ecca02e713a9d generic Жаңалықтар

Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының Махамбет ауданында жасөспірімдер ұялы байланыс ұстайтын жерді іздеп, жоғалып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс ұстайтын жерді іздеп шыққан. Бірақ, сол күні қыстаққа қайта оралмаған.

«Қаңбақты қыстағы Махамбет ауданының орталығынан 65 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда оларды туыстары іздестіріп, таба алмаған. Содан соң, 3 маусымда Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге 4 қызметкер жіберілді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Алайда, құтқарушылар қыстаққа келгенге дейін туыстары екі жасөспірімді өздері тауып алған.

«ҚазАқпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/zhasyl-zhelek-zhanga-sa%d1%8f/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз