Құқық

Он жыл бас бостандығынан айырылды

Кеше, 23 қыркүйекте Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуымен шығарған үкімімен Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының тұрғыны Д. республика Қылмыстық кодексінің тиісті заңдылықтары бойынша кінәлі деп танылды.

Атырау облысы прокуратурасының хабарлауынша, бұл адам «Альфа-пвп» және «Мефедрон» психотроптық заттарын ірі және аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді бұл азамат өмірінің бірнеше жылын қауіпсіздігі барынша жоғары бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді.

Прокуратура облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, есірткі қылмысы толығымен жойылғанға дейін оған қарсы күресті күшейтті.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button