Атыраулық тұрғын өз ауласында есірткі өсіріп келген

190913010009040a3565237i Жаңалықтар

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапты.

Полиция департаментінің  қызметкерлері «Қара сора» алдын-алу шарасы барысында,  қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген  1898 түп қара сора тауып тәркіледі.

Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа   кептірілген сора табылып, алынды. Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм  болып шықты.

  • – Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық  Кодексінің 300 және 296 баптары,   «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және «Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша  жүргізілуде, деді Департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз