Жарнама
Құқық

Атырауда 10 тоннадан астам заңсыз балық ауланған

            Акция басталғалы бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 307 дерегі анықталды. Нәтижесінде кінәлі деп танылған 214 адам әкімшілік жауапкершілікке тарылды.

            Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Рүстем Қорқытовтың айтуынша, браконьерлік фактілеріне байланысты көтерілген 9 іс сот сотқа жолданды. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз иемдену жағдайлары бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды.

            ­-Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 4,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Барлығы 10,6 тоннадан астам заңсыз ауланған «су маржаны» (оның ішінде 772 келісі бекіре тұқымдас балық түрлері), 115 бірлік аулау   және 51 суда жүзу құралы тәркіленді. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстарының нәтижесінде су айдындарынан заңсыз қолданыста болған,  ұзындығы 30 шақырымға жуықтайтын балық аулау құралы браконьерлерден тартып алынды, ­- деді Рүстем Берікұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Фото: azattyq.org

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button