Жарнама
Құқық

Атырауда «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Бүгін, 13 қыркүйекте облыста «Жолда қабылдау»  республикалық  акциясы  бастау алды. Іс-шара халық  арасында құқықтық  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп, қоғамдық  және жол  қауіпсіздігін  қаматамсыз  ету  мәселесі  бойынша қала тұрғындарын ақпараттандыруға  және  құқықтық  білімдерін  жетілдіруге  бағытталды.

   Акция барысында облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция  қызметкері Аслан Жалғасбаев  және  Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полициясы Дәурен Насиполла, Атырау қалалық полиция басқармасы  Патрульдік полиция  батальонының  кезекші  инспекторы,  полиция капитаны Ернар Жүсіпов және басқа да сала қызметкерлері  оқушыларға  жаяу  жүргіншілерге  арналған  жолдардан  өту  ережелері,  қауіпсіздікті сақтау, жолда болуы  мүмкін  апаттардың   алдын  алу  мақсатында  түсінік  жұмыстарын  жүргізді.  

    Атап айтқанда, велосипед, электр  велосипед, электроскутер, мопед көлік жүргізушілерінің  арасында заң бұзушылықтар  жиі кездесетіні айтылды.  Қазақстанда  жеткізу  қызметі  тиімді  болып отырғандықтан,  бұл  көліктердің де  саны  күн  санап артуда.

    Жол   қозғалысы  ережелерінің тиісті заңдылықтарына сәйкес, 16 жастан  асқан  жасөспірімдерге мопед мінуге  рұқсат  етілген. Олар жол  ережесін  бұзған  жағдайда,  ата-аналары  жауапкершілікке тартылады. Сондықтан полицейлер мопед  жүргізушілеріне  заңмен  белгіленген  сақтық шаралары  мен  қауіпсіздік  ережелерін  сақтауды, қажетті қорғаныс киімдерін киіп жүруді ескертті. Мопедшілерге  рульді дұрыс ұстамай қозғалуға, жолаушы тасымалдауға, ұзындығы мен ені  бойынша  50 см-ден  артық  шығып  тұратын  жүктерді тасымалдауға қатаң тиым салынған.

Алайда, бүгінде кейбір  мопед тізгіндегендердің  салғырттығынан өзінің  ғана  емес, өзгенің  өміріне  қауіп туғызып  жатқаны жасырын емес. Сол себепті  полиция департаменті қызметкерлері жүргізушілерге  және  жол  қозғалысының  басқа  да қатысушыларына жолда  қырағы  әрі мұқият  болуды, белгіленген ережелерді қатаң сақтауды талап етті.

Айта кету керек, аталған акция ертең, 14 қыркүйекте де жалғасады.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button