Жарнама
Қоғам

Жолдаудың жауапкершілігі мол

«Ауыл» партиясының Атырау облысы өңірлік филиалы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атом электр стансасын салу немесе салудан бас тарту еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе екенін атап өтіп, жалпыұлттық референдумда талқылауды ұсынғандығын қолдайды.

Өз кезегінде «Ауыл» партиясы Қазақстанның экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігі және келер ұрпақтың болашағы үшін қабылданатын шешімнің аса маңыздылығын ескере отырып, әрбір қазақстандықты референдумда өз көзқарасын білдіруге шақырады. Әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы, халықаралық нарықтардағы қатал бәсекелестіктің артуы, геосаяси текетірестің күшеюі әрбір мемлекетке энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлуді талап етеді. Бәсекеге қабілетті әрі сапалы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру отандық энергетиканы қарқынды дамыту қажеттілігін туындатып отыр.
Сонымен қатар, «Әрбір жоба, әрбір шешім елге пайдалы болуы керек» — деп атап өтті ел Президенті.
Жолдауындағы 9 стратегиялық бағыттың бірі – «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндетіміз» делінген. Сондықтан, өзім орман шаруашылығының инженері — экология магистрі ретінде, Атырау халқының тұрғындарын жағымсыз экологиялық факторлардың әсерінен қорғау қажеттілігі және табиғатты қорғау мәселесінде бизнестің жауапкершілігін арттыру бағытын қолдаймын. Орман қоры аз өңіріміздің тоғайларын, далалықтарын өрттен қорғау да өзекті мәселе. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау және елдің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресі үшін орман алқаптарын көбейту маңызды.
Жасыл желекті алқаптарын ұлғайту идеясына қатысты азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуіміз, ауыл аймақтарда жыл сайын ағаш көшеттірін өсіріп-баптауды әдетке айналдыруымыз керек.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық белеске жақындап келе жатқанына тоқталып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін қолға алынған ел экономикасына, мемлекетіміздің дамуына тікелей әсер ететін әлеуетті жобалар аясында қабылданған әрбір қадам маңызды екенін қадап айтты.
2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей жергілікті халықтың сайлауы, адал қоғам құрып, дамудың жаңа жолына бет алған ел екенімізді білдіреді.
Жалпы мемлекет басшысы басымдық беріп, атап өткендей тұрақты әлеуметтік өрлеудің арқасында халықтың әл-ауқатын арттыру және ел бірлігін сақтай отырып, табанды еңбек етуге ұмтылу – баршамызға басты бағдар болуы тиіс.

Жанәділ МҰРАТУЛЛИН,
«Ауыл» партиясының Атырау облысы өңірлік филиалының үйлестірушісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button