Әріптестер қошеметіне бөленді

мерей Қоғам

 мерейБүгін «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспасөз орталығында «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ақпарат саласының үздігі», қарымды қаламгер, белгілі журналист Айтқали Құмарғалиұлы Нұрғалиевтің 70 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты шара болды. Мерейгерді өңірге белгілі сала ардагерлері, үзеңгілес замандас достары мен әріптес шәкірттері шын жүректен құттықтады.
Жиналғандар алдында Қазақстаннның Құрметті журналистері – Төлеген Жаңабаев, Қилыбай Қуанышбаев, Любовь Монастырская, еңбек ардагері Парух Марданов, досы Зұлбұхар Сүйнешев Айтқали Құмарғалиұлының өмірі мен шығармашылық қызметінен, адами асыл қасиеттерінен сыр шертті.
Мерейтой иесіне «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ерболат Қаменов, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Қуандық Батыров, облыс әкімі аппараты баспасөз бөлімінің жетекшісі Саламат Сабыр, «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов және басқалар жүрекжарды тілектерін жеткізіп, сый-сияпаттарын көрсетті.
Салтанатты шара соңында сөз алған Айтқали Нұрғалиев ұжым атынан өзіне көрсетілген зор құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Бақытжан ЖҰМАТ.
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз