ЖОҒАЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ДЕРЕГІ ТАБЫЛДЫ
Зәкең хатында жауынгерлердің туыстарына мекен-жайды нақты жеткізуді сұрайды. Сондықтан, аты-жөндерін сол күйінде жариялап, әрқайсысына жеке-жеке тоқталғым келіп отыр. Олар: Ибрагим Қурсайнов – 1915 жылы Новобогат ауданында туған, Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы (БЛКЖО) мүшесі, анасы Шарита Нуханова (аты Шәрипа болуы да мүмкін) Бовой сельсоветінде тұрады (Бабан болуы да мүмкін), 1943 жылы 4 наурызда қайтыс болған. Қонай Қазгулов – 1920 жылы, Гурьев облысының Гурьев ауданында туған, әкесі Қазғұлов – новый штаб №19-да тұрады делінген. Урумбай Насиханов – 1908 жылы Новобогат ауданында туған, әйелі Ұнапаш Насиханова Забурында тұрады деп айтылады. Еркават Жүмалиев (Ерғанат Мұлаиев болуы да мүмкін) – 1941 жылы Мақат ауданында туған, әйелі Жүмашева Мақат ауданы, №3 аулсоветте деп айтылады. Алигбей Избергенов – 1914 жылы Маңғыстау ауданында туған, әйелі Педя(е) Азанова Маңғыстаудың Винлукаш колхозында деп жазылған. Аталған азаматтардың тікелей туыстары немесе оларды білетіндер болса, Атырау облыстық ардагерлер кеңесіне хабарласуларын сұраймыз.
Байланыс телефоны:
8 (7122) 27-00-12.
Қатимолла РИЗУАНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.