Құлсарыда алаяқ жұмыс беруші ұсталды

1468824845 Жаңалықтар

Жалақысы жоғары жұмыс десе, ішкен асын жерге қоятын қазекеңнің әлсіз жерін жақсы біліп алған алаяқтар қарапайым халықты әбжыландай арбауын қояр емес. Жақында Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі жұртты «жұмысқа кіргіземін» деп алдап келген тағы бір алаяқтың бет пердесін ашып берді.

1468824845

Өткен жұма күні полиция бөлімшесіне бір әйел адам арыздана келді. Сөйтсе ол осыдан бір жыл бұрын танысына сенім артамын деп қыруар қаржысынан қағылыпты. Дәлірек айтқанда, әлгі келіншек жәбірленушіні жақсы жұмысқа орналастыра алатындығын айтып алдаған көрінеді. Оның сөзіне имандай иланған соңғысы сұраған «сыйақысын» тауып беру үшін банктен қомақты мөлшерде несие алады. Қаржыны қалтасына басып алған «жұмыс беруші» уәдесінде тұрмай, әйелді жыл он екі ай бойына сарғайтып қояды. Шыдамы таусылған ол амалсыздан ішкі істер бөліміне шағымдануға мәжбүр болды.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүру үстінде.

Перизат ҚИЗАТОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз