Жолдар қайта жөнделеді

жолдар кайта Жаңалықтар

Биыл ауданда ұзындығы 38 шақырым ауылішілік автокөлік жолдары қайта жаңғыртылатыны белгілі болды. Оған жауапты «Шыңдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазір қажетті жобалықсметалық құжаттамаларды жасақтап жатыр.

жолдар кайта

Осыған дейін 54 млн. теңгеге Жаңа Қаратон ауылының 1,5 шақырым кіреберіс жолы қайта жөнделіп, пайдаланылуға берілген еді. Бұл ретте сапалы жұмыс атқарған «Армандастар-Атырау» ЖШС-нің еңбегі зор.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар Ысмағұловтың айтуынша, жуырда су мен электр энергия желісі тартылып, тұрғын үйлер тұрғызылатын аумаққа асфальт төселмек. Оның жалпы ұзындығы 25 шақырымға созылады.

Сол сияқты, Құлсары қаласындағы Атырау және Болашақ ықшамаудандарына 90 шақырымдық жол салынады. Енді оның жобалық-сметалық құжаты жасалуы керек. Осы қалада екі автокөлік көпірін салу да жоспарда бар. Бүгінде Нұрманов пен Сариев, Мешіт пен 1-ші ықшамаудандарын жалғайтын көпірлердің құжаттарын жасақтауға қаржы қаралуда. Ал, 31 шақырымдық «Ақмешіт» мәдени-тарихи туристік маршрут жолын қайта жаңғыртуға 41 млн. теңге бөлініп отыр. Көп ұзамай мердігері анықталады.

Амандық Абдол

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз