Жарнама
Қоғам

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

 

«Нұр Отан»партиясы  облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бектеміров Елбасының тапсырмасы негізінде партия тарапынан жүктелген мақсат-міндеттердің аз еместігін, оны орындауда бірігіп күш салудың қажеттігін айтты.

Күн тәртібі бойынша Атырау қалалық филиалының төрағалығына Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев ұсынылып, бірауыздан сайланды.

Конференцияда «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасы туралы партияның Саяси кеңесі бюро мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Бақытгүл Хаменова баяндама жасады.

«Бағдарламада көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықтың түбіріне балта шабу үшін ең алдымен жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажет. Дәлірек айтқанда, азаматтардың жемқорлыққа қарсы сауаты мен табанды иммунитеті болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу әсте мүмкін емес. Олай болса, бұл іске қоғамның барлық тобы атсалысуы қажет. Бұл үшін әр азамат бірінші орынға дүние-мүлікті емес, ақыл, ар-намысты қоюы тиіс. Ал, бұл жұмыстың балабақша мен мектептен бастау алатынын терең түсінудің мәні зор» деген Бақытгүл Қайыржанқызы қоғамды жегідей жеген бұл дертпен көп болып күресу керектігін баса айтты.

Бұл пікірді Атырау қалалық мәслихатының депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Болат Рысқалиев те қолдап, өз ойын білдірді.

Өңірде партия тарапынан атқарылып жатқан істерде жастардың да қолтаңбасы бар. Бұл жұмыстарды партия филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Асхат Қалауов мәлім етті. Ол өз сөзінде жаңа партия төрағасына жастармен кездесу өткізіп, олардың мәселелеріне терең үңілу жөнінде ұсыныс айтты.

Жиын соңында партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табыс етілді.

 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button