Жастар тазалық акциясын бастады

environmentalprotection Қоғам

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жеті жарғы» қоғамдық қоры «Таза қала – таза жағалау» акциясын ұйымдастырды.

Акция қатысушылары – “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы.

Жайық жағасын қоқыстан тазарту шарасына “KazTransOil” және “Атырау-жарық” АҚ мекемесінің қызметкерлері жастармен бірігіп қаланы тазарту жұмыстарына қатысты.

Тазарту жұмыстары қаланың өзге де жерлерінде жүргізілуде.

Еңбек етіп жүрген жастардың бірі – Саламат Мұқашев атындағы политехникалық колледж студенті Жазира Бегеш бізбен әңгімесінде: “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” дегендей, өз қаламның көркеюіне үлесімді қосып, еңбекақымды алып отырмын. Оған қоса жазғы маусымда уақытым тиімді өтуде»-деп ризашылығын білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз