Жарнама
Қоғам

ЖАЙЫҚ БОЙЫНДАҒЫ ЖАРЫС

 

«Атырау» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов қатысушы тоғыз командаға сәттілік тіледі.

Жарыс Жайық өзенінде 200, 500, 1000, 3000 және 5000 метр қашықтық бойынша өтті.

Дода басталысымен-ақ ескекшілер өздерінің жеңіске деген құлшыныстарын айқын аңғартты. Оңтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы мен Астана қалаларынан келген командалардың шеберлігіне тәнті болдық. Оларға атыраулық Андрей Бакиров, Илья Шигаев, Карина Мұртазәлиева, Артем Заикин және басқалар бәсекелес болды.

Төрт күнге созылған спартакиаданы әр облыстан келген білікті мамандар – Виталий Астафеев, Наталья Федина, Любовь Красавина, Галина Григорьева, Байдарка және каноэмен есу спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қайсар Нұрмағамбетов, әлем чемпионатының жүлдегері Жомарт Сатыбалдин және тағы басқалары тамашалады.

Спартакиада қорытындысымен жүлделі І орынды Оңтүстік Қазақстан облысы командасы жеңіп алды. Күміс жүлде астаналықтарға бұйырса, қола медальды батыс қазақстандықтар еншіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button