Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

«Жусан» операциясы нәтижесінде елге қайтарылған азаматшалардың бірі Сирия ақиқаты туралы айтып берді (+ВИДЕО)

Atr. kz / 15 – ақпан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы осыдан бір айға жуық уақыт бұрын аяқталған болатын.

Нәтижесінде елге  6 ер адам, 11 әйел және 30 бала қайтарылған еді. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиевтің айтуынша, «Жусан» операциясы бірнеше ай бойы жүргізіліп, оны ұйымдастыруда талай қиындықтар кезіккен. « Қазіргі таңда қайтарылған азаматтардың ішіндегі 6 ер кісі және 1 әйелдің үстінен қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осылар және қайтарылған басқа азаматтар террористік әрекеттер тұрғысынан толығымен тексеріледі. Егер ондай жағдай дәлелденсе, әрине қылмыстық жауапкершілікке тартылады»  дейді Бақытбек Рахымбердиев.

Интернет желісінде пайда болған мына видеода өзін Зухра Кенжебаевамын деп таныстырған келіншек Сирия соғысының ақиқаты туралы баяндайды. Соғыс даласына тұтас отбасымен аттанған Зухра үлкен ұлынан айрылды. Екінші ұлы Ирак жерінде тұтқында отыр…

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button