Жарнама
Қоғам

Ұлы оқиғалар жылы

Президенттің республикалық “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Ұлу жылының жетістіктері жан-жақты сараланып, Жылан жылының басты оқиғалары мен жоспарларына назар аударылды. Мемлекет басшысы 2025 жылды алғаш рет халқымыз бір сағаттық белдеуде бір мезетте қарсы алғанын атап өтті. Сонымен бірге бұл белес үшінші мыңжылдықтың алғашқы ширек ғасырына тұспа-тұс келіп отыр. Тарихқа енген 2024 жыл — Ұлу жылы ел үшін қиындығы да, жетістігі де болды.

Көктемгі су тасуы еліміздің бірлігін нығайтты. Қазақстанның инвестициялық ахуалы жақсарды. Оған Президенттің өткен жылғы көптеген шетелдік жұмыс сапарлары және түрлі халықаралық іс шараларға қатысуы ықпал еткені сөзсіз. Еліміз аграрлық салада елеулі жетістіктерді еншіледі. Қазақстанда рекордтық астық өнімі алынды.Әлеуметтік саладағы саясаттың да оң нәтижелері байқалды. Атап айтсақ, орташа өмір сүруі ұзақтығы 75 жасқа жетті. Алғаш рет Ұлттық қордан балаларға арнайы қаражат аудару механизмі іске асты.Қоғамдағы үлкен оқиға АЭС салу бойынша референдум болды. Референдум барысында АЭС қажеттілігі туралы көптеген түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған мамандар, ғалымдар, тұтастай қоғам белсенді атсалысып, сүбелі үлесін қосты.
Осылайша, өткен жылдың жетістіктерін
саралап, өзгерістерді оң бағалаған Президент жаңа жылда бұдан да гөрі биік белестерді бағындыратынымызды, оған күш-мүмкідігіндініміздің мол екенін меңзеді.-Нақтылай кетсек, бұл жыл азаматтардың хал-аухатын көтеруге арналады. Білім мен денсаулық саласын жетілдіруге, ғылым мен мәдениетті қолдауға көбірек мән беріледі.Әсіресе, жастарға қолдау жасау жағына айрықша назар аударылады. 2025 жылғы атаулы даталар қатарында Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы бар. Биыл Қазақтың Абай және Шоқандай ұлы тұлғаларының жылы. Бұл даталарға орай көптеген танымдық шаралар өтеді. Университет ұжымы да осы шараларға белсенді қатысатын болады, — деді мемлекет басшысы сұхбатында. Ерекше тоқтала кетер жайт, 2025 жыл Президенттің жарлығымен “Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Еліміздің тұрақты дамуына, тұрғындардың тұрмыстық жағдайының қалыпты болуына жұмысшылардың, әр сала мамандарының қосар үлесі қомақты. Сол себепті, еңбек адамына құрмет көрсету мәдениетін арттыруға басымдық беріледі.

Саламат ИДРИСОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-проректоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button