Барлық аудандарда «Жас Отан» ЖҚ конференциясы өтіп жатыр (ФОТО)

жас отан4 Жаңалықтар

Бүгін Махамбет ауданында «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының конференциясы болып өтті.

жас отан4

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде өткізілген шараға Махамбет ауданы әкімі орынбасары Мардан Сейтқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Сәменов, «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы Ринат Гилажев, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, ауданның белсенді «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, жоғары сынып оқушылары қатысты.

жас отан5

Конференцияда негізінен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттер талқыға салынды. Бұған қоса «Жас Отан» ЖҚ Махамбет аудандық бөлімшесінің 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы айтылды. 20-шы қыркүйек күні өтетін облыстық конференцияға делегаттарды сайлау және аудандық «Жас Отан» ЖҚ – ның Кеңес құрамын бекіту мәселелері қаралып, ұсыныс, пікірлер ортаға салынды.

жас отан 2

жас отан 1

Баян СҮЙЕУОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз