Жарнама
Қоғам

Тұрғындар тілегіне сергек көзқарас

Атырау облысы  әкімінің орынбасары МаратМурзиев азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген әр тұрғынның түрлі себеп-уәжі болды, өз мұңдарын айтып, көмектесуге ықпал етуді сұрады.

df496546 b7d3 452e b1c6 da763d2cf331

Шаһар тұрғыны, жеке кәсіпкер Боранбай Қалбаев бос пластик қалбырларды (баклажки) жинап алумен айналысады. Қала көшелеріне, мектептерге қосымша пластик  бөтелкелерді жинау үшін қосымша  тор (сетка)  қоюға рұқсат алу жолдары мен тор алуға көмек-қолдау сұрайды. Облыс әкімінің орынбасары бұл жобаның экологиялық мәдениетті қалыптастыруда да маңызы зорын айтады.

– Қазіргі адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі қоршаған ортаны қорғаудың эколгиялық жолдарын ұтымды шешу болып отыр. Тіпті мектепке дейінгі мекемелерде де экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. «Тәрбие тал бесіктен» екенін ескерсек, мұндай бастамаларды орта білім беретін мекмелерде бастаған жөн. Сондықтан, бұл ойыңызды қолдаймын, – деген Марат Мурзиев білім беру басқармасы басшысына тапсырма беретінін, мектептерде қоқыстардың сұрыпталуы жөнінде нақтылап,  мүмкіндік болса, бос пластик бөтелкелерді бөлек ыдыста жиналуын қарастыру жөнінде ұсыныс енгізетініне қолдау болатынын жеткізді.  

  Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны Айбек Әліпқалиев боулинг, бильярдный клуб, балалар ойын алаңын ашу жоспарымен бөлісті. Қайтарымсыз қаржы алудың жолдарын білгісі келеді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының мүшелерін жұмыспен қамтамасыз етуге ынтасы бар. Тұрғынның тілегін тыңдаған облыс басшысының орынбасары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасының басшысы Б.Орынбасаровқа аққыстаулық азаматты жеке қабылдап, әр бизнес жоспар бойынша мән-жайын жан-жақты  нақтылауға, өтеусіз берілетін қаржы бойынша толық түсінік беруге тапсырма берді.  

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button