«Еуропа-Азия» халықаралық шеруінің делегаттары – Атырауда!

img 20220721 wa0076 Қоғам

«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Атырау облысына табан тіреді.

1 шілде күні елордадан басталған шеру бірлік пен ұлтаралық татулықты дәріптеп, Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қалаларында болған, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау өңірі шеруге қатысушыларды құрметпен қарсы алды.

– Бұл – халықаралық шеру болғаннан кейін мемлекет қаражатына емес, халықтың қаржылық қолдауымен өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз – бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу. Барған барлық қалада бізді ойдағыдай қарсы алып жатыр. Шерудің алғашқы этапы аяқталғаннан кейін келесі сапарға дайындаламыз. Еуропа мен Азияның 17 елін аралаймыз, – деді «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин.

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінен кейін шеруге қатысушылар дін саласының өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар, Ш.Сариев атындағы көркем сурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде көрме өтті. Шараға қатысушылар орталық көшелермен көк туымызды желбіретіп, Сұлтан Бейбарыс алаңына дейін авто-мото шерумен жүріп өтеді. Кейін қонақтарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі шілденің соңында Владикавказда аяқталады. Бұл шеруге қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз