Жарнама
Қоғам

«Тасқын үлкен сабақ қалдырды»

Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылыны тұрғыны, зейнеткер Нұргүл Алпысбаева — ауылды тасқыннан қорғауға қатысқан бейбіт күннің батырларының бірі.

Ауылдың  өміріне белсенді араласып жүрген зейнеткер тасқын кезінде сарбаздар мен бөгет басындағы ерлерді тамақтандырған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

«Бейқам отырған халық едік, тасқын қаупі туралы естігеннен кейін, ауыл тұрғындары болып, штаб құрып, бөгет салуға кірісіп кеттік.

Ауылымызға тіпті, жас балалар, жүкті аналар мен үлкендерді қауіпсіз аймақтарға шығару туралы хабарламаны да алдық.

Сырқаты бар үлкен кісілердің біразы қалаға кетті. Бастапқыда үрей болғаны рас, бірақ, сарбаздар келгеннен кейін үміт пайда болды.

Ауылдың ер азаматтары, жастар бөгет бойында сарбаздармен бірге жүрді. Біздер аналар келіндерімізді ұйымдастырып, ыстық тағам, көже, бауырсағымызды дайындап жүрдік.
Бөгет басында күні — түні ұйқысыз жүрген кездеріміз болды. Оңай болған жоқ. Қай күнде де жайбарақаттыққа салынуға болмайды екен. Тасқын бізге осындай сабақ қалдырды, — деді Н.Алпысбаева.

Еске сала кетейік, қауіпті аймақта орналасқан Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет соғылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button