Жарнама
Қоғам

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТАРАЗЫЛАНАР СӘТІ

 

Мектептегі «КСРО тарихы» атты оқулықтан білім алған буын өзінің төл тарихынан алшақтап кетті. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қана ұлт тарихының беттерін парақтай бастадық.

Алқалы жиында Елбасымыз: «Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің елдігіміздің тамыры тереңде жатқанын танытатын аса маңызды тарихи дерек. Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айырылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады» деді. «Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз –ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!» деді Елбасы.

Иә, бұл – дүбірлі ұлы той. Біздің Жылыой ауданы да бұл мерейтойды кең көлемде атап өтуде.

Ақсақал ретінде қазақ хандары туралы өзім білетін деректерді жастарға, немерелеріме айтып отырамын. Өйткені, тарихты білмей, келешекті болжай алмайсың. Болашақта егемен еліміздің төл тарихын мектепте, жоғары оқу орындарында жүйелі түрде жан-жақты оқытқанды қалаймыз. Бұл – ұстаздармен қатар, тарих беттерін түгендеп жүрген тарихшыларымызға да жүктелген үлкен сын.

Сабыр Домбаев,

ақын, мәдениет саласының қайраткері,

Жылыой ауданы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button