АТЫРАУДА ӘКЕСІ БАЛАСЫМЕН БІРГЕ ЖАЙЫҚҚА БАТЫП КЕТТІ…

img 20220825 wa00751 Қоғам

25 тамыз күні сағат 16.08-де Атырау облысы полиция департаментінің кезекшісінен Жайық өзенінде ер адам мен баланың суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына келген құтқарушылар сағат 16.16-дан 1995 ж.т. ер адамды (әкесін) және 2013 ж.т. баланы (ұлын) іздестіре бастады. Олар суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен.
Сағат 16.35-те ТЖ департаментінің күшімен ер адамның денесі табылып, судан шығарылды, сағат 18.44-те баланың денесі табылды.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылды.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз