ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ДІҢГЕГІ
Өзінің сарабдал, дана саясатымен еліміздің экономикасын дамытып, әлеуметтік жағдайымызды жақсартып, Қазақстанды озық отыз елдің қатарына қосуға бастап бара жатқан Елбасымыздың халқымыз алдында берген анты мені ерекше толқытты. Елбасы халқын ұлық тұтады. Болашақ тізгіні сенімді қолда екенін сезіне түскендейміз. Осы сәттен бастап ресми қызметіне кіріскен Президенттің халқыма адал қызмет етіп, елім мен ұлттық мүддемізді қорғаймын деген мәлімдемесі бәрімізге қанат бітіріп, ерекше жігер берді.
Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін, тұрақтылығымыздың діңгегі саналатын бес қағидатты жариялап, сырттан төнетін қауіп-қатерлерге қарсы сақтық шараларын күшейтуді міндеттеді. Ең бастысы, елдің әрі қарай өркендеуі үшін Ұлт жоспары жасалатын болды. Көп ұлтты Отанымыз үшін тыныштықтың қаншалықты маңызды екенін айналамызға қарап біліп отырмыз. Болашақта да алдағы қойған міндеттерге бүкіл халқымыз болып жұмылып, Елбасына көмектесуіміз керек. Әрбір мемлекеттік қызметкер, әр азамат сайлаудағы белсенді қалпын сақтап, еліміздің даму үдерістерін әрі қарай биіктерге көтеруге жұмыстануы – басты парыз.
Толқын БЕЙІСҚАЛИ, Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы.