20170425174713.jpg

Атыраулық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

Айбын Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. «Тоғызыншы мамырға орай берілетін бір реттік төлем ақы сонымен бірге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі» деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Бүгінде Атырау облысында Ұлы Отан соғысының 8 ардагері (Атырау қаласында – 7, Жылыой ауданында – 1) ​ және конлагердің бұрынғы тұтқыны (1) бар. Олар 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем алады.​

Бір реттік төлем сонымен бірге, тыл еңбеккерлеріне беріледі. Наградасы бар тыл еңбеккерлеріне (62 адам) 100 мың теңгеден, мемлекеттік наградасы жоқ тыл еңбеккерлеріне (2212 адам) 30 мың теңгеден бір реттік төлем беріледі. ​Атырау облысы бойынша бір реттік төлемді 2283 адам алады. Бір реттік төлемнің жалпы сомасы 51 млн 297 мың теңгені құрап отыр.​ 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған