Сын сәттегі шешім

cyl5jl5l9agxutybmdfizhdsxydotie4tbllqsix 1659359225 Қоғам

Тауар бағасы нарықтың сұраныс және ұсыныс заңдары негізінде құралады дегенмен, кейде мемлекет тарапынан реттелетін жағдайлар болады. Барлық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына жанар-жағармай бағасы өзгерісінің үлкен әсері бар екені көпшілікке мәлім. Сәуір айында жанар-жағармай бағасының көтерілетіні жөніндегі әңгіме қымбатшылық қысқан адамдардың наразылығын күшейтуде. «Жанар-жағармай шикізаты өндірілетін жерасты қазбалары (мұнайы) бар өңірде отырып, оның оң әсерлерін көре алмаймыз ба?» деген сұрақ әр тұрғынның көкейінде тұрғаны анық. Шынымен де, мұнайдың үстінде отырып, оның пайдасынан зиянын көбірек көретіндей халықтың осы күйіне не себепші?

 Мұнайды өңдейтін Қазақстанда небары үш зауыт бар. Олардың бәрі жаңғыртудан өтіп, қайта құрылғыланған. Соның өзінде ұсыныстан сұраныс артық болу үрдісі байқалады. Оған бір елден келесі елге жүк тасымалдайтын  көліктердің жол арасындағы жанар-жағармайға сұранысының ықпалы бар. Жанар-жағармай бағасының түзілуіне әсер ететін факторлар көп, шикізат күйден зауытқа жетуі, өңделуіне байланысты шығындар, сақталуына шығындар, ҚҚС, жанар-жағармай бекеттерінің шығындары және т.б. Бірақ сол шығындар әсер етеді деп жанар-жағармай бағасын көтерумен мемлекеттік реттеушілік шаралардың (елдер арасындағы тасымалмен айналысатын көліктердің арзан жанар-жағармай сатып алуына тосқауыл қою мақсатына байланысты) жүзеге асуы компания иелеріне оңтайлы болғанымен қаржылық қиыншылыққа ұшырағаны анық байқалып жүрген халық үшін ауыр болатыны көзге айқын көрініп тұр. Бұл қажеттіліктен туындап отырған шара.

Алдағы уақытты жанар-жағармай бағасының көтерілгенін желеу етіп, халық тұтынатын барлық тауарлардың бағасы тағы көтерілсе, бір несиені екіншісімен жауып жүрген халықтың кедейге айналмаса екен.

Майра ДӘРІСҚАЛИЕВА,

Экономика ғылымдарының магистрі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз