Атырауда тұрғын үйде жарылыс болды (+ВИДЕО)

img 20210123 wa0038 Жаңалықтар

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен білгеніміздей, 23 қаңтар күні сағат 18:34 шамасында Атырау қаласында оқыс оқиға орын алған, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

https://youtu.be/P1RqYcXBz08

– «Авангард-2» шағын ауданында орналасқан №18 үйдің пәтерінің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша, газ желісінде ақау болған. Екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады.

Газ жарылысынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Ал оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жарылыстың себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз