Қоғам
СЫН МІНДІ ТҮЗЕЙДІ
Аталған семинарды өз істерінің жетік те білгір мамандары «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының республикалық дәрежедегі тренерлері Сара Есқазиева мен Лаура Ғазизова жүргізді. Семинардың жоғары деңгейде өтуіне колледж мұғалімдері көп септігін тигізді.
Рас, қазіргі заман — жаңа технологиялар заманы. Сол себепті де «Сын тұрғысынан ойлау» сол технологиялардың бірден-бір бөлігі болмақ. Осы семинардан алған тәжірибелерін колледж мұғалімдері әрі қарай дамыта отырып, білімді де жаңашыл шәкірттерді тәрбиелейді деген сенімдеміз.
Жандарбек ҚАПСИЫҚ,
облыстық білім беру басқармасының әдіскері,
Атырау қаласы.