Су тасқынымен күреске жүздеген миллиард теңге бөлінеді…

337153930 208200365144552 3072661183029791400 n 870x400 1 Қоғам

«AMANAT» Фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Ерлан Саиров және Дүйсенбай Тұрғанов осындай бастама көтерді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Жыл сайын болатын су тасқындары азаматтарымыздың өмірі мен мүлкіне  қауіп төндіріп қана қоймай,  отандастарымыздың моральдық-психологиялық деңгейіне де кері әсер етуде! Үкімет, су тасқынына қарсы жүздеген миллиард теңге бөледі. Алайда, нәтиже жоқ десе болады! Биыл Ақтөбе облысының Қобда ауданында  су тасқынынан  79 үй, дәмхана, мектеп пен спорт кешені, ал Ойылда 25 үй зардап шекті.

Батыс Қазақстан облысының  Ақсай қаласы мен жанындағы ауылдарда 180-ге жуық үйді су басты. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында жауған жаңбыр мен еріген қар суы салдарынан 2 рет су тасқыны болып, тас жол бұзылып, маңындағы ауылдарға қауіп төндірген. Ол 259 отбасының ғана  көз-жасы емес, тұтас халықтың басындағы қиындық! «AMANAT» партиясы  зардап шеккен тұрғындарға  құрылыс материалдарымен көмек көрсетуде. Адамгершілікпен көмек беру  әрбір азаматтың парызы деп білемін. Сондықтан да, бұл  жаппай мәдениетке айналғаны абзал! Су кетер. Су кеткенмен үйлерден дымқыл кетпейді, адамдардың жүрегінде  сызат қалады, азаматтар үйдегі дымқылдан туберкулезге,  басқа да  психологиялық қысымға  душар болады. Біз неге  жыл сайын  өзіміздің азаматтарды  осындай қиын жағдайда қалдырамыз?» дейді халық қалаулылары.

«AMANAT» Фракциясы  Үкімет су тасқынына қарсы келесі шараларды  шұғыл қабылдауы қажет деп есептейді:

1.Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстар-ындағы тасқыннан зардап шеккен барлық отбасыларға жедел түрде материалдық көмек көрсетуі тиіс!

2.Тасқынның салдарынан баспанасынан айрылған азаматтарға  жедел үй салып беру  басты міндет!

3.Еліміздің барлық аумағында Су тасқыны қаупі бар жерлердің картасы жасалуы қажет!

4.Су тасқыны қаупі бар жерлердің барлығында тасқыннан қорғайтын дамбалар, контррегуляторлар, су өтетін өткелдер салу аса маңызды. Тасқынның салдарымен күреспей, оның алдын алу қажет!

5.Жаз кезінде  Қазақстанда су ресурстарының жетіспей-тіндігін есептесек, жаңа  дамба, плотиналар салу  елді мекендерді қорғап қана қоймай, ауыл шаруашылығына көмектестетіні анық!

6.Су тасқыны қаупі бар көптеген жерлерде жергілікті атқарушы билік үй салуға жол берген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз