ҒИБРАТ ПЕН ҒЫЛЫМ: «Тіл-көз тиеді» деген рас па?

snyatiya sglaza rebenok avtor 2 950x440 1 Жаңалықтар

– Тіпәй-тіпәй, тіл-көзден аулақ болсын…

– Тіл-көзім тасқа!..

– Әй, жаман бала…

Бұл – күнделікті естіп жүрген сөздер. Бұдан басқа да бүлдіршіндерді сырт көзден қорғау мақсатында жасалатын амалдар жетерлік.

Әйтсе де, әлі буыны бекімеген баласына ән салғызып, би билетіп, заман сөзімен айтсақ, пранк жасау мақсатында бейнеконтенттерді әлеуметтік желіге жарыса жүктейтіндер көп-ақ. Ал, баланың былдыр тілі мен тәтті қылығына кім тамсанбасын. Жалпы, бұлай жасау қаншалықты дұрыс? Сіз «тіл-көз тиеді» дегенге сенесіз бе?

Өзімшілдер өте көп…

Халық танымында жақсы адамға, жас нәрестеге, сұлу бойжеткен мен жүйрік тұлпарға көз тиеді деген ұғым бар. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген нақыл да осындайдан қалса керек. Мәселен, ақын Иса Байзақовтың бір шығармасында «бір тойда дуананың көзі тиіп, кезінде құлыншақтай ол да өлді» деп жырлаған. Ал, Кенесары туралы жазылған бір шығармада «кісі еді назар керде Кенесары, көзінің қарағанда өтті зәрі» деп жазылыпты. Бұл да атам қазақтың «көз тию» деген нанымсенімінің дәстүрге әбден еніп кеткенін аңғартады. Әдетте, қазақы ұғымда «көзі бар» немесе «назар керде» адамдар болғанын мойындаған жөн. Ы р ы м ш ы л қ а р т т а р ы қ ы л ы м дәуірде-ақ көз тигеннен емдеудің алуан түрін меңгерді.

Бала күнімізде әжелеріміз «көзі тиген» адамның ұлтарағын ұрлап алып, «көзбен келген бәле-жала осымен кетсін» деп ұшықтап, күбірлеп дұғасын оқып, ұлтарақты өртеп жіберетін-ді. Қазір дүниеге келген сәбиін 40 күнге дейін сұқ көзден қорғайтын дәстүрлі нанымсенім біраз өзгерген. Себебі, ересек баланы айтпағанда, сүйінші сұрағандай қырқынан шықпаған шақалақтың суретін салатындар әлеуметтік желінің бетін бермейтін болды. Бұған елжұрттың әбден көзі үйренген. Кеудесін соққан өзімшіл өлермендердің буыны осы шығар, сірә!? Шынында, бұл не?! Біз осы арзан дүниеге әуес болып барамыз ба? Әлде немересінің бесігіне үкі тағып, өңіріне көзмоншақ тағып, алдына ұстамай, арқасымен қалқалап жүретін асыл әжелеріміз ақымақ па еді?

«Аминка Витаминка»

Әрине, әлеуметтік желі арқылы танымал болған балақайдың бірі – Аминка Витаминка (@aminokka). Шын аты ол емес, ныспысы – Әмина Малғаждар. Ол небәрі 10 жаст а болғанмен, вайнер, блогер және әртіс ретінде кішкентайынан танылған. Оның YouTube желісіндегі парақшасына бақандай 5 миллион адам жазылған. Ә м и н а н ы ң каналының контенті челлендж, влог және вайндардан тұрады. Бұдан басқа толық метражды 4 фильмге түсіп үлгерген. Оның барлық бейнеүзіктеріне түсетін Аружан және Адия есімді екі сіңлісі бар. Айта кету керек, Әмина 2018 жылы Ресейде «Лучший детский блогер года» жүлдесін жеңіп алды. Яғни, шынашақтай қазақ қызын қазір ресейліктерге де танымал.

Атыраулық Айнұр Сәрсенова есімді жас ана да өз перзентінің де әлеуметтік желі арқылы танымал болғанын қалайды екен.

– Ата-анаға алдымен баласының амандығы керек. Сондықтан, тілкөзден қорғау да артық етпейді. Дегенмен, оның болашағы үшін өмірлік бағытбағдарын қалыптастыруға ықпал ж а с а ғ а н ж ө н . Е г е р ке з – ке л г е н нәрседен қорқа берсек, баланың б о й ы н д а ғ ы қ а б і л е т і ө з і н е н – ө з і жо ғ а л ы п ке т е д і . О н ы ң б ү г і н г і бірден-бір жолы – әлеуметтік желі. Сол себепті, ұлымның қызықты қылықтарын күн сайын видеоға түсіріп, сүйкімді фото суреттерін ж е л і г е ж ү к т е п о т ы р а м ы н , – дейді ол.

Бақпаса бала кетеді

Заман талабынан қашып кету ж а р а с п а с . С е б е б і , ә л еу м е т т і к платформалар уақыт сұранысын қанағаттандырып, көптеген адамның табыс көзіне айналып та үлгерді. Ал, былтыр жазда жас та, кәрі де трендке айналған Тik-Тоk арқылы танылды, тіпті бәсеке болып кетті. Бірақ, біреу пайдалы істі насихаттап, келесі бірі киім-кешек, дүние-мүлкін көрсетіп ерсіленгенін ел біледі. Дап-дардай адамдар, тіпті белгілі «жұлдыздар» да өресін осылайша көрсетіп жатты. Балдырғандар блогер болуға тырысып, танымалдықпен табыс тапқысыақ келеді. Ал, қаршадай балаға бұл жарасар ма? Онсыз да ұялы телефон мен ғаламтордың з и я н ы н т і з б е к т е п , « ж а с ө с п і р і м д е рд і ң 9 5 пайызы телефонға тәуелді» деп дабыл қағып жүрген психолог Рая Балмурзинаның уәжін сұрағанбыз.

– Қазақта «болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген сөз б а р . Б а л а н ы ң б е т і н е н қ а қ п а й , мүмкіндігінше қолдап отыру керек. Бірақ, мінез-құлқын үнемі қадағалап, жасөспірімнің жаман әдеттерге әуе стенуіне жол б е р м е г е н ж ө н . Әлі о ң – с о л ы н танымаған баланың қолына телефон ұстатқанда да ата-ана осыны естен шығармасын. Қазір ақпараттық технологияның дамыған уақыты ғой, әп-сәтте танылатыныңа күмән болмауы тиіс. Соны білетін балалар әлеуметтік желіге әбден әуестеніп алды. Психология заңдылығында ересектер өз ісінен сабақ алмай, одан бас тартпайды. Бала да солай. Мүмкін, ол әрекеті баланың болашағына жол ашып, қабілетін т а н ы т ы п , ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы н шыңдар. Сондықтан, баланың талпынысын қолдау керек. Өйткені, бұл қа лыпты жағдай. Егер бала отбасында дұрыс тәлім-тәрбие алса, бөтен қылыққа бармайды. Демек жас буынға қатысты мәселенің бір ұшы тәрбиеге тірелетінін түсіне білейік, – деді тәжірибелі психолог.

Мұны мойындайық. Өйткені, ғылыми прогресс дәуірінде мұндай дүниелердің өскелең ұрпаққа тигізер залалы мол. Ал, кері әсерден қорғау – әр отбасының басты борышына айналуы тиіс.

Жалаңаштанған жүкті әйелдер

Тіл-көз демекші, тіпті құрсағын бұлтитып фотосессия жасап жүрген шөпжелкелер де көбейіп барады. Сонда бұл күйеуінің қасына жатқанына мақтану ма?! Ол ол ма, ішін жалаңаштап суретке түсіп, жұртқа жариялайтын «сәнқой» жүкті келіншектер де бар. Фотограф Жансая Қанайқұлова 60-қа жуық жүкті келіншектің фотосессия жасағанын бір жолы мәлім еткен еді.

Бұрын «бетіне ноқта түскенін» жасыратын жас келін енді ештеңені жасырмайтын болған. Қазақ салтында «ішке біткен баланың аманесен дүниеге келуіне кесірін тигізеді» деп қорғанатын. Ал, қазіргінің есті сөзін айтып отыратын енелер қайда екен?! Әлде жас ана перзентінің саулығына алаңдамай ма?! Бәрін трендке жаба салатын жүкті әйелдер «жаңашылдық» деген желеумен жарына ғана көрсетер жалаңаш етін кім көрінгеннің талқысына беріп қойды. Ол – ақтап алуға келмес күнә. Себебі, Алланың берген аманаты – ба ланы әр пенде құрсаққа біткен кезінен-ақ сұғынған тіл мен сұқтанған көзден сақтай білгені абзал. «Тіл-көз жамандық шақырады» дейді аталар сөзі.

P.S.

Ертеде Жиренше шешеннің анасының сүтті биесі болыпты. Анасы биені ел көзінен қағыстағы ойпаңдау сайға апарып сауады екен. Бір күні еріккен екі аттылы бие саууға шыққан кейуананың соңынан әдейі еріпті. Анадайдан еріккен екеуді көрген ақылды бәйбіше бір кесек қара тасты шелекке сала салыпты. Келгендердің бірі: «Бие сауғалы кеткеніңізге көп болды, әлі сауып бітіре алмай жатырсыз ба?» депті мысқыл аралас. Оған жауап қайырмаған Жиреншенің анасы сауған сүтін үйге әкеліп, астауға құйғанда шелектегі тастың қақ бөлінгенін көріпті. «Аңызда ақиқат бар» дегенге мысал осы болар, сірә. Ал, бүгінгі жас содан сабақ алса дейміз.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

ДЕРЕК пен ДӘЙЕК

Ғалымдардың зерттеуінше, көздің өткірлігі мен оның тиетініне мысырлықтар да сенген. Сондықтан, олар алуан түрлі көз бояғыш заттар мен сан түрлі далаптарды ойлап тауып, адамға жақсылық әкелмейтін көз нұрынан өздерін қорғаған. Азияның бірқатар мемлекеттері, АҚШ, Канада, Африка, Түркия, Иран, Үндістан елдерінің тұрғындары өткір көз нұрының болатынына және оның адамға тиетініне ежелден сенген. Керісінше, моңғолдар, жапондар, қытайларда «көз тиеді» деген түсінік мүлде қалыптаспаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз